13 июля 2021 Мал шаруашылығы

Қостанай облысында сібір жарасы тіркелді

Қостанай облысының Денисов ауданында ірі қара малдың арасында сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты карантин енгізілді.

Сібір жарасы ауруы Приречное ауылында тіркелген. Аталған ауыл аумағында  Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 28 маусымдағы ұсынысы бойынша Свердлов ауылдық округі әкімінің шешімімен карантин жарияланды.

Liter.kz порталының ақпараты бойынша Приречное ауылында төрт адам сібір жарасын жұқтырған. Бірінші болып қолында жаралары бар қойшы ауырған. Ол бірден жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Байланыс жасаған адамдар анықталды. Барлығы төрт адам медициналық мекемеге түсті, олардың екеуі жазылып шықты.

Тақырыпқа байланысты оқу: «Фермер» еті туралы қауесет

Ауылда вакцинация, дезинфекциялау және ауру ошағын жою жұмыстары жүргізілуде. Карантин 3 шілдеден бастап 15 жұмыс күні мерзіміне енгізілді.