Швейцариялық KS GENETICS SA компаниясы Қазақстанда құрама жем шығаратын зауыт салуды жоспарлауда
Kazakh Invest ұлттық компаниясы қазақстандық делегацияның Швейцарияға сапары аясында АӨК-ке және Қазақстанның экономикасының басқа да салаларына инвестициялар салу туралы меморандумдар жасасты. Аталған құжаттарға Stadler CIS AG және KS GENETICS SA компанияларымен қол қойылды. Бұл туралы Facebook-те ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.
Министрдің айтуынша, сауда келіссөздері Бернде ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Швейцариядан келген бизнесмендер мен әлеуетті инвесторлардың үлкен делегациясының Қазақстанға жазғы сапары жалғасуда.
Бернге сапар барысында Kazakh Invest Stadler CIS AG-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазақстандық компания Stadler компаниясына машина жасау, химия, агроөнеркәсіп кешені және басқа да салаларда қазақстандық серіктестерді табуға көмектеседі.
Тағы бір Меморандум Еуропада, Оңтүстік Америкада және АҚШ-та жұмыс істейтін KS GENETICS SA компаниясымен жасалды. Швейцариялық компаниядан құрама жем зауыты мен селекциялық-гибридтік орталық салу туралы ұсыныс келіп түсті.
«Генетикалық тұқымы таза өнімді шошқа өсіру жоспарлануда. Сонымен қатар, аталған өндірісті экспортқа (Қытай нарығына шығару) бағдарлау ұсынылады», - деді Бақыт Сұлтанов.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда шошқа еті экспортының өсу әлеуеті $1,1 млрд
Бұдан әрі тараптар инвестициялық келісімге келудің жол картасын жасау мәселесін қарастыру керектігін атап өтті.
Сондай-ақ, осы жылдың қараша-желтоқсан айларында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға сапары және бірлескен бизнес-форум өткізу жоспарланған.