KazAgro/KazFarm 2023

KazAgro/KazFarm 2023 көрмелері 19-21 қазанда Астанада өтеді. Экспозиция EXPO орталығының бүкіл аумағын алып жатыр. Мұнда қатысушылар мен келушілер аграрлық өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге қажетті тауарлар мен қызметтердің барлық түрлерін таба алады.

Көрмелер мен іскерлік бағдарламаға әлемнің 20-дан астам елінен 200-ден астам компания қатысады. Дәстүр бойынша мұнда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына қажет нәрсенің бәрі ұсынылады. Көрмелер барысында түрлі семинарлар өткізіледі.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі көрме күндері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі министрлік конференциясын өткізеді. Ол көрмелердің екінші күні, 20 қазанда өтеді.

KazAgro/KazFarm 2023 ұйымдастырушысы «ExpoGroup» халықаралық көрме компаниясы (ХКК) болып табылады.