Әлемде еттің бағасы 8,6%-ға арзандады - АгроДайджест №16

Жыл басынан бері етке деген баға 8,6%-ға түсті

ФАО-ның болжамдарына сәйкес, 2020 жылы ет өндірісі COVID-19 індетінен және құрғақшылықтың әсерінен болатын мал аурулары салдарынан 1,7 пайызға төмендейді.

Халықаралық деңгейдегі ет саудасы аздап болса да өсуі тиіс, дегенмен 2019 жылға қарағанда бұл баға аз болып есептеледі. Негізінен бағаның бұлай болуы Қытайдан келетін импорттың артуына байланысты.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап еттің халықаралық бағасы 8,6 пайызға төмендеді.

Сонымен қатар, күрт бағаның құлдырауы қой етінде, одан кейін құс пен шошқа етінде болды. Мұның себебі - сатылмаған көп мөлшердегі ет өнімдері логистикаға байланысты жиналып қалған және әлемдік импорттың күрт төмендеуі, COVID-19-ға қатысты тиымдардың салынуы әсер етуде.

 

Қара теңіз портында бидай бағасы  $2-ға қымбаттады

Бидай нарығының қатысушылары биылғы маусымның басында бағаның тұрақты түрде көтеріліп келе жатқанын  астық саудасында белсенді түрде талқылауда. Апта соңында ақуыз мөлшері 12,5% болатын жаңа жиналған астықтың бағасы және FOB жеткізген Новороссисктегі бидайдың тоннасы 198–202 долларды құрады. Аптаның ортасында Украин бидайы 202 долларға, Ресей астығының тоннасы 204 долларға сатылды, ал апта соңында баға тағы 2 долларға өсті.

Маусымның басында GASC тендерінің нәтижелері жарияланды, сол кезде Николаев және  Одесса порттарынан 10 мен 25 шілде аралығында әкелініп, FOB-тың $210 бағасымен 120 мың тоннаны Египет Украинадан сатып алды. Украинадағы егін көлемі туралы жақсы болжамдарға байланысты Франция мен Ресейдің ұсыныстарына қарағанда, осы елдің астығы бәсекеге қабілетті болды.

 

Қытайда ақуызы жоғары жүгері сұрпын өсіру бағдарламасы басталуда

Қытайдың ауылшаруашылық ғылымдары академиясы жүгерінің жоғары ақуыздық сұрпын өсіруге арналған және сапалы мал өсіруге бағытталған бағдарламаны іске қосты.

Аталған бағдарлама плазмалық ресурстарды құру, молекулалық конструктивті таңдау және қоректік бағалауды қолдану арқылы ақуызы жоғары дән өсіруге назар аударылады. Бағдарламада сонымен қатар жемшөптің жаңа формуласын өсіру және оны дамыту бойынша демонстрациялық жобалар жасалады.

Бағдарлама мал азығының тағамдық сапасын жақсартады және сояны мал азығында пайдалануды азайтады деп күтілуде.

 

Иранда аграршыларды салықтан босатпайтын болды

Иранның Экономика министрлігі аграрлық сектордағыларды салықтан босатуды ұсынды.

Министрліктің ұсынысы бойынша 600 млн. риалға ($ 3409 АҚШ доллары)  ауылшаруашылық қызметтен жылдық табыс салықтан босатылған. Алайда, егер адамдар мұндай іс-шаралардан жылына 600 миллион риалдан артық алса, артық пайдаға салық салынатын болады.

Иран ұлттық салық әкімшілігінің басшысы Омид Али Парстың айтуынша, қазір Иранның экономикалық қатысушыларының 40% -ы салықтан босатылған.

Ирандағы мемлекеттік бюджет салықтық жеңілдіктерінен басқа да салық түрлерін төлеуден жалтарудан зардап шегуде.

Мәжілістің Жоспарлау және бюджет комиссиясының мүшесі Голямали Джафарзаде Именабади жылына салық төлеуден жалтару мөлшері 400 000 миллиард риал (2,27 миллиард доллар) деп атады.

Оның айтуынша, салықтан босату мен салықтан жалтару құны 1000 триллион риалдан асады (5,68 миллиард). Тәуелсіз бақылаушылар бұл қаржы өте көп деп бағалайды.

 

Ресей құс етінің экспортын  77,5%-ға арттырды

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында құс етін экспорттаудың нақты көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77,5% өсті, деп хабарлайды ФТС. Жалпы, алғашқы төрт айда жаңа сойылған және мұздатылған ет экспорты екі есеге артты. Жыл басынан 7 маусымға дейін ет және ет өнімдерінің экспорты 318,3 млн.доллар болды.

Жыл басынан бері ресейлік экспорттың азық-түлік құрылымындағы тамақ өнімдері мен шикізаттың үлесі өткен жылғы осы кезеңдегі 5,3% -бен салыстырғанда 8,1%  болды.

Ресейлік құс еті үшін жаңадан ашылған басты нарық - Қытай мен Вьетнам болып табылады. Алайда өткен жылдың бірінші тоқсанында құс еті Қытайға мүлдем сатылмаған, сондықтан қазір өткен жылмен салыстырғанда сатылым деңгейі айтарлықтай өсуде. Экспорттың ұлғаюы Қытайға да, Ресей тауық етін өңдейтін Вьетнамға да байланысты.

Қазір Ресейдің құс еті бірқатар Африка елдері мен Еуропалық Одақтың уақытша тыйым салған елдерін қоспағанда, барлық жерге экспортталады.

Мамыр айының басында «Ресурс» деп аталатын топ теміржол арқылы Қытайға салмағы 24 тонна бройлер етінің пилоттық партиясын жіберді. Жеткізу мерзімі 16 күн. Ресей етті темір жол арқылы жөнелту бойынша үлкен бәсекелестердің бірі болып табылады, өйткені Бразилиядан немесе АҚШ-тан бұлай жеткізуге бір айдай уақыт кетеді.

 

Өзбекстан Ферғана облысында агро қызмет көрсететін инновациялық орталық ашты

Қызмет көрсететін орталық «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік 500-ден астам агроөнеркәсіптік кешенге қызмет көрсетеді. Оның ішінде географиялық ақпараттық жүйелер, дрондық сервис сияқты инновациялық технологияларға негізделген  40 қызмет түрі бар. Сондай-ақ бұл қызметтің ішінде «Organic», «Global G.A.P» халықаралық стандарттары, Халол сертификаты енгізілген.

Аталған орталықта ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институттарының 15 ғалымы, 30-дан астам жергілікті және шетелдік агробизнестің өкілдері тұрақты қызмет атқарады.

Халықаралық аккредитациядан өткен заманауи зертхана, онда 5 зерттеу жұмысы жүргізілуде - ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі, in-vitro көшет питомнигі, топырақ, су және фитосанитарлық талдау - 9 мың фермерлік шаруашылыққа және 500-ден астам агробизнестің өкілдеріне қызмет көрсетіледі.

Орталық қазіргі білімі мен тәжірибесі бар 133 қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 40 маман әлемнің жетекші елдерінде (АҚШ, Түркия, Израиль, Голландия, Германия, Қытай, Латвия) біліктілігін арттырды.

 

Сауд Арабиясы 960 000 тонна жаздық бидай сатып алады

Сауд Арабиясы SAGO –ның атынан халықаралық тендер жариялады. Оның аясында астық агенттігі 960 000 тонна жабайы өскен жемдік арпа сатып алуды жоспарлап отыр.

Тендер шарттары бойынша жемдік арпа 16-шы каргоға 2020 жылдың тамызынан қыркүйек айына дейін жеткізілуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, SAGO 2020 жылдың 10 сәуірінде алдыңғы тендер кезінде 600 000 тонна жемдік арпа сатып алған болатын.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.