АШМ орта және шағын деңгейдегі фермерлерге арналған астық қоймаларын салуға қолдау көрсетеді
Қазақстан сыйымдылығы 10 мың тонна болатындай шағын астық қоймаларын салуға мемлекеттік қолдау көрсетеді. Бұл хабарды бүгінгі үкіметтің отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.
«Қазір республикада 27 миллион тонна астық сақтайтындай қоймалар бар, оның ішінде 189-ы лицензиялық астық қабылдау кәсіпорны болып табылады. Алайда, орташа және шағын фермерлер үшін 10 мың тоннаға дейінгі мөлшердегі астықты сақтау мәселесін шешу қажет. Мұндай тәжірибе АҚШ пен Канадада бар», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.
Оның айтуынша, агенттік осы салада мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Сапархан Омаров жаз маусымынан басқа уақытта көкөністер мен жемістерді сақтайтын заманауи қоймалардың (1,9 млн тоннаға 1249 дана) жетіспейтіндігін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін жеңілдетілген несие беріледі, заманауи қоймалар құрылысын инвестициялық субсидиялау жүзеге асырылатын болады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін болдырмау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты керекті өнімдермен қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар жүргізуде. Импортқа тәуелділікті болдырмай, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шаралары жасалды, деп хабарлады министр.