30 октября 2023 Элеваторлар

Сарыағашқа тиеуді ҚТЖ-ЖТ тоқтатады

Орта Азия елдеріне экспорттық бағытта Сарыағаш станциясы арқылы 6 761 тиелген вагон жиналып, 22 пойыз қозғалысынан уақытша шеттетілді.

Осыған байланысты, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясы 1-3 қараша аралығында Сарыағаш станциясы бағытында жүктердің кез келген түрін тиеуге тыйым салады. Бұл туралы бұйрыққа "ҚТЖ-ЖТ" бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Орынбасаров қол қойды.

Вагондардың жиналуының бірнеше себептері аталған.

Біріншіден, Шеңгелді-Жылға және Ынтымақ-Манкент учаскелерінде темір жолдарды күрделі жөндеудің басталуы.

Екіншіден, өзбек тарапының пойыздарды қабылдау жөніндегі жоспарды орындамауы (жоспар бойынша - 28,  іс жүзінде  - 26).

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы астық тасымалдаушылардың ірі операторы Astyk Trans компаниясы теміржолшылардың кінәсінен вагондар айналымының баяулауы туралы хабарлаған болатын. Станцияларда негізсіз тоқтап қалуына байланысты айналым жылдамдығы қазір нормативтен 48%-ға жоғары - 14,71 тәуліктің орнына 21,78 тәулік.