Қазақстанда бидай импортына құқығы бар компаниялардың тізімі жаңартылды
2023 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстанда лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына теміржол көлігімен жеткізуді қоспағанда, бидай әкелуге тыйым салынады. Ауыл шаруашылығы министрлігі 5 ақпанда бидай импортына құқығы бар кәсіпорындардың жаңартылған тізімін жариялады.
Тізімге 69 құс фабрикасы, 211 астық өңдеуші (ұн, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем және спирт өндірушілер), сондай-ақ 194 элеватор кірді. Толық тізіммен Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, бидай импортына шектеулер 11 сәуірге дейін қолданылады. Бұл ретте теміржол арқылы жеткізуге лицензияланған кәсіпорындардың атына рұқсат етіледі, сондай-ақ астық транзитпен жүреді. Қазақстандағы басқа тұтынушылар бидайды лицензияланған элеваторлар арқылы импорттай алады.
11 сәуірге дейін автомобиль көлігімен бидайды әкелуге ҚР нарығына да, транзиттік бағытта да толық тыйым салынады.
Шектеулердің себебі Ресей бидайының «сұр» импортының көптеген фактілері болды.