Қазақстан Әзербайжанға жылына 1 млн тонна бидай жеткізуді ұсынды
Қазақстан Әзірбайжанға ауқымды астық жеткізуді қайта бастауға мүдделі. Атап айтқанда, Азық-түлік корпорациясы 1 млн тоннадан астам бидай жеткізуге дайын, деп хабарлады Корпорацияның баспасөз қызметі.
Қазақстандық бидайдың экспортын талқылау Бакуде өткен ауыл шаруашылығы форумы кезінде өтті.
«Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан Әзірбайжанға 1 млн тоннадан астам астық жөнелткен. Қазіргі уақытта біз Әзірбайжан нарығында қазақстандық бидаймен тағы да бәсекеге қабілетті болу үшін бұрынғы ұстанымдарымызға оралу тетіктерін пысықтап жатырмыз», - деді Азық-түлік корпорациясы басқарма төрағасы Асылхан Джувашев.
Оның айтуынша, негізгі жеткізілімдер дәнді дақылдар мен жүгеріні ауыстырып тиеуге және сақтауға маманданған «Ақ Бидай-Терминал» арқылы жүзеге асырылады. Компания Қазақстанда, Әзірбайжанда және Иранда астық терминалдары жүйесін басқарады.
Асылхан Джувашев Астықты сақтау мен өткізудің нақты құрылған және табысты жұмыс істейтін жүйесі Әзірбайжанға жеткізуді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Атап айтқанда, Говсана портында орналасқан Баку астық терминалының астықты ауыстырып тиеу бойынша өндірістік қуаты жылына 600 мың тоннаға жуық, ал диірмен кешені жыл сайын 50 мың тоннаға дейін өнімді қайта өңдеуге қабілетті. Терминал тәулік бойы жұмыс істейді және қызметтердің жоғары сапасына кепілдік беретін технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған.