BelSilo компаниясы элеваторға арналған ноу хау шатырлары жайлы айтты
AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінің жұмысы барысында BelSilo атты Беларус компаниясы аграршыларға элеваторларға арналған өзінің ноу хау ― шатырын ұсынды.
Компания директорының орынбасары Ая Тунгатарова атап өткендей, астық қоймаларына арналған BelSilo шатырларының конструкциясы ерекше және берік.
«Бұл құрылғыда пайдаланатын бекітпелер біздің бәсекелестеріміз қолданатыннан мүлдем өзгеше. «Ферма» түріндегі қуатты жүйесі әр 96 см сайын көптеген аркаларды қалыптастыра отырып, ұзын және көлденеі жүктерге шыдайды.Сонымен қатар 9 балдық жер сілкінісіне төтеп береді. 170 км/сағ. Қатты желге де шыдайды. Шатырлардың құрылғысы және бекіткіштері өзгеше. Мысалы бір шаршы метрдегі шатыр 320 кг-ға дейін қардың салмағын көтере алады, ал басқа компанияларда ол 100-120 кг құрайды. Біздің өнімнің ерекшелігі осындай», деп-түсіндірді Ая Тунгатарова.
Анықтама. BelSilo компаниясы нарықта 10 жылдан бері жұмыс істеуде. Шығаратын құрылғылары: астық сақтауға арналған силостар, көлік жабдықтары (нориялар, транспортерлер), астық кептіргіштер, тазалауға арналған жабдықтар. Тауарларын Беларусия Республикасынан басқа РФ, Қазақстан, Африка елдеріне сатады.