Қазақстандағы астық қоры 7,9 млн тоннаға бағаланды
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда дәнді және бұршақты дақылдар қоры 7 млн 898 мың 569,3 тоннаны құрады. Оның ішінде азық-түліктік астық -5,7 млн тонна, тұқым – 1,46 млн тонна және жем – шөп -728 мың тонна.
Бюроның бағалауынша, Қазақстанда сәуір айының басында 6,4 млн тонна бидай, оның ішінде 6 млн тоннасы - азық-түлік өнімі сақталған.
Осы көлемнің 2,3 млн тоннасы ауыл шаруашылығы өндірушілерінде (оның ішінде 1,5 млн тонна азық – түлік бидайы), 596,2 мыңы ұн тарту кәсіпорындарында (579,3 мың азық – түлік), 89,2 мыңы көтерме сауда кәсіпорындарында (74 мың), 1,78 млн тоннасы элеваторларда (1,75 млн) болды. Тағы 448,3 мың тонна бидай (292 мың тонна азық-түлік) өзге заңды тұлғаларға және 1,1 млн тонна (814,3 мың тонна) жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына тиесілі.
Бидай тұқымдарының қоры 1,2 млн тоннаны, жемдік бидай - 213,9 мың тоннаны құрады.
Айдың басында жүгері қорлары 111,4 мың тонна көлемінде бағаланды: 28,9 мың азық-түлік, 5,6 мың тонна тұқым, 76,9 мың тонна жем.
Бұдан басқа, күріш - 194,3 мың тонна, арпа – 916,1 мың тонна, қара бидай - 21,1 мың тонна, сұлы – 89,3 мың тонна, қарақұмық – 34 мың тонна, тары-12,1 мың тонна және масақты қоспа - 22 мың тонна болды.
Бұған дейін Қазақстанның ұн өндірушілері елдегі астық тапшылығы туралы мәлімдеді және қолда бар қорларға толық түгендеу жүргізуді, сондай-ақ бидай экспортын шектеуді немесе толық тыйым салуды ұсынды. Бұған жауап ретінде үкімет екі ай мерзімге 1 млн тонна бидай мен 300 мың тонна ұн шығаруға квота енгізу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, бидай қорын тексеру басталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, қазірдің өзінде барлық көлемнің 80% тексерілген және ресми статистикалық деректер расталуда, астық тапшылығы жоқ. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ұн тарту нарығындағы дүрбелең бидай бағасының күрт өсуіне байланысты қалыптасқанын айтты.