Қазақстанда тоннасы 435 мың теңгеден қант жоқ
Мамыр айында Еуразиялық сауда жүйесі биржасында қанттың ірі партияларын 13 рет сатып алуға ордерлер қойылды. Және олардың барлығы қанағаттандырусыз қалды.
Алғашқы сатып алу өтінімі ETS - те 11 мамырда, соңғысы 27 мамырда орналастырылды. Сатып алушының шарттары бірдей болып қалды - ақ қант, CPT жеткізу шарттары (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, т/ж станциясы, Ақтау порты).
Өтінімнің көлемі ғана өзгерді – 270 тонна немесе 135 тонна. Алайда, барлық өтінімдер қарсы ұсыныстарсыз қалды. Әлеуетті сатушыларға ұсынылған баға тым төмен болып көрінген шығар – тоннасы 435 мың теңге.
Айта кетейік, соңғы рет ETS-тегі қант туралы келісім 2021 жылдың 18 қарашасында жасалды. Сол кезде 272 тонна партия тоннасына 315 мың теңге бағамен сатылған болатын.