"Бәйтерек" ҰБХ таза пайдасы 111 млрд теңгені құрады
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ тобының 2021 жылғы таза пайдасы 2020 жылмен салыстырғанда 38 млрд теңгеге ұлғайып, 111 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ElDala.kz холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Холдингтің шоғырландырылған активтері 2021 жылы 45% - ға артып, 9 трлн 870 млрд теңгені құрады.
Несиелік және инвестициялық портфельдердің үлесі 73,6% - ды құрады.
Тақырып бойынша оқу: Бәйтеректе АӨК қаржыландыру бағдарламалары туралы айтылды
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен холдингтің Директорлар кеңесінің сырттай отырысында өңдеу өнеркәсібі жобаларын жеңілдікті шарттармен қаржыландыру мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ капиталдандыру үшін 50 000 000 қарапайым акция орналастыру туралы шешім қабылданды.
Тақырып бойынша оқу: ҚазАгроҚаржы ІІІ тоқсанда АКК-ға қосылады
Бұдан басқа, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ орналастырылатын жай акциялары үшін төлем ретінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ 100% акциясын "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ иеліктен шығару туралы шешім қабылданды.