Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрамын бекітті
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрамына 18 адам кірді. Бұл туралы ElDala.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оның ішінде құрамына ҚР АШМ үш өкілі кірді: министр Ербол Қарашөкеев, вице-министр Рүстем Құрманов, қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Дархан Жұмаділов.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңестің құрамында: ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Берік Оспанов, ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы Ақылбек Күрішбаев және азаматтық қоғамнан 13 мүше: Ермек Әбуов, Теміржан Айтбаев, Анас Баққожаев, Мырзахмет Өксікбаев, Бақыт Атайбеков,Кинталь Исламов, Игорь Жабяк, Ерлан Алпысов, Бауыржан Бақшилов, Ержан Биекенов, Айдар Нығметов, Геннадий Зенченко, Мақсат Толықбай.
Сондай-ақ, конкурс аясында Қоғамдық кеңес құрамына 5 кандидаттан тұратын резервтік тізім анықталды: Ғабиден Балғынбеков, Айдын Байеділов, Равиль Мингазов, Ахмедияр Айтбаев, Майраш Имантаева.
Тақырып бойынша оқу: Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын ұсынды