Қазгидромет тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын нақтылады
Қазгидромет нақты агрометеорологиялық жағдайлар мен ұзақ мерзімді ауа райы болжамын есепке ала отырып, тамыз айына арналған құрғақшылықтың болжамын түзетті.
Болжам бойынша, құрғақшылық әлі де Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында күтілуде.
Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында және Қостанай облысының Арқалық қаласының ауданында жауын-шашын тапшылығы күтілуде.
Ылғалданудың оңтайлы шарттары Ақтөбе облысының Мәртөк және Қобда аудандарында, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым және Ақжайық аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Ақмола облысының Ерейментау ауданында күтіледі.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының Мүсірепов ауданында және Степногорск пен Ақтөбе маңында есептеулер бойынша өте ылғалды болады.
Республиканың қалған аумағында ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болады.