09:20 Қазақстан

Маусым айында Қазақстанның 11 өңірінде құрғақшылық күтіледі

Алдын ала болжамға сәйкес, маусым айында Қазақстанның 11 өңірінде атмосфералық құрғақшылық күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Алдын ала құрғақшылық күтіледі:

  • Қостанай облысында -Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
  • Батыс Қазақстан облысында - Жанғалы ауданында;
  • Ақмола облысында - Ерейментау және Аршалы аудандарында;
  • Ақтөбе облысында - Шалқар және Ырғыз аудандарында;
  • Атырау облысында - Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
  • Қарағанды облысында - Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
  • Ұлытау облысында - Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;
  • Алматы облысында - Жамбыл ауданында;
  • Жетісу облысында - Алакөл ауданында;
  • Жамбыл облысында - Талас ауданында,
  • Қызылорда облысында - Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

Қазгидромет аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары екенін атап өтті. Қазақстанның қалған аумағында ылғалдандыру шарттары осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп күтілуде.