Қазақстанға алғашқы аяздар келеді деп күтілуде
Қазақстанның үлкен аумағы солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, алдағы тәулікте аптаның ортасына қарай температуралық фонның біртіндеп төмендеуімен жауын-шашынсыз ауа райы ашық болады деп күтілуде. Бұл туралы ElDala.kz Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік жүреді.
17-18 тамызда еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің ауа райы Солтүстік циклонның ықпалымен жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, екпінді жел соғады.
Жалпы республика бойынша ауа температурасының төмендеуі күтілуде: батыста түнде + 15 +28°С, күндіз +30+40°С, солтүстік-батыста түнде +3+12°С, күндіз +15+25°С, солтүстікте түнде +2+7°С дейін, күндіз +12+17°С дейін, орталықта түнде +3+12°с дейін, күндіз +13+23°С дейін, шығыста түнде +2+11°С дейін, күндіз +12+20°С дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 + 18°С, таулы аудандарда + 3+8°С.