Азық-түлік корпорациясын Асылхан Джувашев басқарды
"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, Үкіметпен келісім бойынша Асылхан Джувашев тағайындалды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Асылхан Джувашев 41 жаста. Бұған дейін ол "ҚазАгро" холдингінде, "ҚазАгроҚаржы" АҚ-да жұмыс істеген. Тағайындалғанға дейін Аграрлық несие корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Бұдан басқа, азық-түлік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Дархан Дәуітов тағайындалды. Бұған дейін ол "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорында жұмыс істеген.
Азық-түлік корпорациясының атқарушы директоры Азат Әшімов болды, осы уақытқа дейін ол "Отбасы банк" АҚ бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, Азық-түлік корпорациясының бұрынғы басшылығы - Сапархан Омаров, Қанат Қарауылов және Әсет Бектеміров қызметінен кетті.