Қазақстанның солтүстігінде күннің ыстығы қайтады, ал оңтүстікте ыстық күн сақталады
Аптаның ортасында басталған Қазақстанның солтүстігіндегі аз уақытқа созылған күннің ыстығы қайтады, ал оңтүстіктің диқандары шыжыған күннің астында егін егу жұмыстарын жалғастыратын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамында хабарлады.
«Архангельск аймағынан ескен антициклон республиканың солтүстік облыстарында жылудың әлсіреуіне әкеледі, ал оңтүстігінде ыстық және құрғақ ауа-райы Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен сақталады», — дейді синоптиктер.
Ауа–райы болжамы бойынша, кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Сонымен қатар, Қазгидромет 26 мамырда үш аймақта дауыл болатындығын ескертті.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұрқасын, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жауады. Батыстан тұрған жел солтүстікке ауысып, секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Павлодар облысында ертең түстен кейін оңтүстік-батыстан жел соғып, солтүстікке ауысады, екпіні 15-20, кей жерлерде секундына 25 метрге дейін жетеді. 27 мамырға қараған түні желдің күші секундына 15-20 метр болады.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 метр, ал күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.