09 сентября 2022 Қазақстан

АНК 2023 жылы егіс пен егін егуге 140 млрд теңге бағыттайды

Үкімет 2023 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға Аграрлық несие корпорациясына 140 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөледі. Үкіметтің тиісті қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында орналасқан.

Бюджеттік несие жылдық 0,01% сыйақыны мөлшерлемесі бойынша екі жылға дейінгі мерзімге АНК теңгемен береді. Аграрийлерге несие беру АНК бақылау шоттарына қаражат аударылған күннен басталады және 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Несие шартының тараптары ҚР Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктері және АНК болып табылады. Ауылшармині мен Қаржымині несие шартын жасасуды, сондай-ақ несиенің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етуі тиіс.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, Республикалық бюджеттік комиссия аталған сомада АНК несиесін бөлуді қолдады.