02 июня 2020
Қазақстан
ҚазАгро Азық-түлік келісім шарт корпорациясының акцияларын республикалық меншікке берді
«КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі Азық –түлік келісім шарт корпорациясының 100% акциясын республикалық меншікке өткізді. Тиісті қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.
Аталған қаулыда «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына 100% акцияларын республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын», - деп жазылды.
Азық-түлік келісім шарт корпорациясының мемлекеттік акцияларын иелену және пайдалану құқығы Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.
Шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енді.