Азық-түлік корпорациясында Басқарма құрамы өзгерді
Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 30 қарашадағы шешімімен "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма құрамына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ElDala.kz Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Төлеген Закарьянов пен Тобылбек Омаров Басқарма құрамынан шығарылғаны атап өтілді.
Құрамына Назгүл Карнакова сайланды.
Естеріңізге сала кетейік, азық-түлік корпорациясының басқармасын Асылхан Джувашев басқарады.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Азық-түлік корпорациясының басқармасы бес адамнан тұрады: Джувашев А.Б., Даутов Д.А., Тенбаев С.Т., Карнакова Н.Ш., Әшімов А. А.
2020 жылы – Азық-түлік корпорациясы акцияларының 100 пайыздық пакеті "ҚазАгро" Холдингі" АҚ-дан республикалық меншікке (ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне) берілді.
Корпорация Азық-түлік астығының резервтік қорын сандық-сапалық сақтау жолымен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады, сондай-ақ ішкі астық нарығын тұрақтандыруға және экспортты дамытуға жәрдемдеседі.