Израильдік компаниялар ЕАЭО нарығында аква өнімдер мен жылыжай жобаларын жүзеге асыруға дайын
Израильдік компаниялар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өкілдерімен бірлескен жобаларды талқылауда және технологиялармен бөлісуге дайын. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп министрі Артака Камалян Израиль сыртқы істер министрлігі, Израильдің экспорт және ынтымақтастықты дамыту институтының қолдауымен және тағы басқа да бірнеше Израиль ұйымдарының өкілдерімен кездесуі барысында айтылды.
«Израиль тарапынан AgriTask, Teshuva Agricultural Projects, Aqua MAOF, Tama Group, Green Seeds және Terra Verde Agriculture компаниялары аква дақылдар, жылыжай кешендері, тұқым өндірісі, ақпараттық платформалар және басқа да салалар бойынша инновациялық технологиялар ұсынылды». - деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметінен.
Кездесуге қатысушылар ЕЭК пен Израильдің экспорт пен ынтымақтастықты дамыту институты арасында инновациялық, технологиялық салада қызмет ету туралы келісімдер жасалды.