25 апреля 2023 Қазақстан

Қазгидромет мамыр айына арналған құрғақшылық туралы болжамды шығарды

Мамыр айында Қазақстанның басым бөлігінде климаттық нормадан аз жауын-шашын түседі. Норма елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында күтіледі. Мұндай болжамды Қазгидромет беруде.

Жауын-шашынның көп болмауына қарамастан, топырақтың көктемгі сулануын және қолда бар ылғал қорын ескере отырып, синоптиктер мамыр айында құрғақшылықты болжамайды. Қазақстанның басым аумағында ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болады, ал жекелеген аудандарда ылғалдандыру шарттары оңтайлы ылғалды болады.

Оңтайлы жағдайлар негізінен Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында: Тарбағатай, Құршым, Зырян, Катонқарағай, Шемонаиха, Бородулиха, Жарма, Аягөз, Көкпекті аудандарында және Семейде болады. Сондай-ақ оңтайлы жағдайлар Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Атбасар, Егіндікөл және Астрахан аудандарында, Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында және Алматы және Ақтөбе қалаларында болжанады.

Қазгидромет барлық агрометеорологиялық болжамдарды Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады және agrodata.kz қосымшасында жариялайды agrodata.kz.