Қазақстанның астық белдеуінде топырақ ылғалының оңтайлы қоры қалыптасты
Қазгидромет көктемгі егіс басталғанға дейін топырақтағы ылғал қорының болжамын түзеді.
Сәуірдің екінші онкүндігіндегі деректерді ескере отырып жасалған болжамға сәйкес, Батыс Қазақстан облысында неғұрлым күрделі жағдай қалыптасуда. Көктемгі егіс жұмыстарының алдында егістіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі Бәйтерек ауданының аумағында жеткіліксізден қанағаттанарлыққа дейін күтіледі. БҚО Теректі ауданында ылғалмен қамтамасыз ету жеткіліксізден оңтайлыға дейін, ал облыстың қалған астық егетін бөлігінде - қанағаттанарлық.
Қазақстанның қалған облыстары үшін өткен айда шығарылған топырақтағы ылғал қорының болжамы өзекті. Атап айтқанда, Жетісу облысында оңтайлы ылғалдандыру болжануда.
Оңтайлы деңгейден қанағаттанарлық деңгейге дейін ылғал қоры Абай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында күтіледі.
Ылғалдың қанағаттанарлық қоры - Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында.
Бұған дейін Қазгидромет мамыр айына арналған құрғақшылық туралы алдын ала болжам жасаған болатын. Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз түседі деп күтілуде. Бірақ бұған қарамастан, топырақтың көктемгі сулануын және қолда бар ылғал қорын ескере отырып, синоптиктер мамыр айында құрғақшылықты болжамайды.