24 июня 2020 Қазақстан

Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті дамытатуға бағытталған жаңа бағдарлама жасауда

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу барысында аталған саладан ұсыныстар жинауда.

Қазіргі уақытта  Қазақстанда үкіметтің 2018 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен бекітілген 2017 - 2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Келесі жылы осы мерзімінің аяқталуына байланысты, 26 мамырда үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жаңа мемлекеттік бағдарлама тұжырымдамасын әзірлеп, үкіметке енгізуді тапсырды.

Аталған құжатта әр аймақтың ауылшаруашылық саласының ерекшеліктері, оның ішінде қазіргі кезеңдегі жағдайлары (коронавирустық пандемияның ауылшаруашылыққа әсері, азық-түлік қауіпсіздігі, ауылшаруашылық саласында жұмыс істеудегі шектеулер және т.б.) ескерілуі керек.

Ауыл шаруашылығы министрлігі салалық қауымдастықтар мен ұйымдарға, «Атамкен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Тұжырымдаманы әзірлеу мақсатында өз ұсыныстарын жіберуді сұрап жүгінді.

Ұсыныстар ағымдағы жылдың 3 шілдесіне дейін қысқа тұжырым түрінде қабылданады.