11 сентября 2026 Мал шаруашылығы

Қазан айында мал шаруашылығын жеңілдетілген несиелеуге 70 млрд теңге бөлінеді

Қазан айында Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға 70 млрд теңге бөлінеді. Қаражат саланы жеңілдетілген несиелеуге бағытталады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Павлодар облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Мал шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспары аясында салаға 220 млрд теңге қарастырылған. Алғашқы 80 млрд теңге өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал басын сатып алуға жұмсалды.

Бүгінгі таңда алыс шет елдерден Қазақстанға 6 мыңға жуық ірі қара мал әкелінді, ел ішінде 30 мыңнан астам бас сатып алынды.

"Біз қалыпты қарқыннан саланың қарқынды дамуына көшуіміз керек. Қазіргі заманғы технологияларды белсенді пайдалану, табынның генетикалық әлеуетін арттыру және бір мезгілде тұрақты жемшөп қорын қалыптастыру қажет", - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.