ҚР фермерлеріне егістік пен жайылымдарды суару жүйесі үшін субсидия ұсынылады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында еңбеккерлерді өнімділігі жоғары ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізуге ынталандыру тәсілдері талқыланды.
«Жасыл экономикаға көшу аясында заманауи суару жүйелерін енгізу мақсатында агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несиелер мен лизингтерді 10 пайыздық мөлшерлемемен субсидиялай отырып, инфрақұрылым мен суару жүйелерін сатып алу құнының 50 пайызын өтеу тәсілдері қабылданды. 2022 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2 миллион гектарға жеткізу жоспарлануда», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сонымен бірге күріш пен мақта сияқты суды көп қажет ететін дақылдардың алқаптарын азайту жұмыстары жалғасады.
Жылыжайдың озық технологияларын енгізуде фермерлерді ынталандыру үшін тиісті жабдық жүйелері мен кешенді тәсілдерді қолдайтын арнайы инвестициялық төлқұжат жасалды.
«Инвестициялық субсидиялар жылыжай кешендерін салу және кеңейту шығындарының 30% -ын өтейтін болады. Жылыжайды қолдану өндірісінің көлемі 2,4 есеге 90 мың тоннадан 216,9 мың тоннаға дейін артады, ал жылыжай фермаларының аумағы 575,9 га-дан 1236,7 га-ға дейін 2,1 есе өсетін болады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ бұл отырыста жайылымдардың жай-күйі талқыланды. Қазіргі уақытта 180,1 млн га жуық жайылымдық жерлердің 106,2 млн га (59%) суарылады. Жайылым жерлерді кеңейтуді ынталандыру үшін суландыру инфрақұрылымын салуға жұмсалатын шығындардың 80% -ына дейін инвестициялық субсидиялар берілетін болады. 2014-2019 жылдар аралығында жоспарланған 3633 құдықтың орнына жайылымдарды суару үшін 5978 құдық салынады.
Сонымен бірге, баспасөз қызметі ҰАО «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының және алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық кәсіпорындарының ұйымдастыруымен агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салалары бойынша және «жасыл» ауыл шаруашылығы бойынша да 1400-ге жуық семинар өткізді, оған 25 мыңнан астам тыңдаушы қатысты.