Жақын күндері Қазақстанда күн күркіреп, жел тұрады
25-27 маусымда Қазақстанның көптеген өңірлерінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
«Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңа Жер аймағынан ескен солтүстік циклон жаңбыр болып жауады, сондай-ақ солтүстік-батыста, солтүстікте, содан кейін республиканың орталығы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын жауады», - дейді синоптиктер.
Болжам бойынша, 26 маусымда аталған суыққа солтүстік-батыс антициклон қосылып, әсер ететін болады, соның салдарынан түнде республиканың солтүстік аймақтарында ауа температурасы 2-7 –ге дейін және 10 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 12-17, кей жерлерде 20 градус жылы болады.
Сондай-ақ, республикада жел күшейіп, бұрқасын тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
25 маусым, бейсенбі күні Қазгидромет бес аймақта дауыл соғады деп ескерту жасады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдап, жел тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың көптеген аймақтарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан секундына 8 метр жылдамдықпен жел тұрады.