АШМ қытайларға жер сату туралы хабарламаларды жоққа шығарды
Әлеуметтік желілерде қазақстандық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қытайлық интернет-сайттарда сатылымға шығарылғаны туралы ақпарат пайда болды. Осы хабарламаларға түсініктеме бере отырып, Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов бұл жалған деп мәлімдеді, өйткені ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдік азаматтарға сатуға немесе жалға беруге заңнама мүмкіндік бермейді.
"Қазақстанда әлеуметтік желіде жарияланған қытайлық сайтта жерді сату туралы ақпарат жалған болып табылатынын мәлімдеймін", - деп атап өтті Мұрат Теміржанов.
Ол ҚР Жер кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар ҚР заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайтынын еске салды.
Бұдан басқа, шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған ҚР азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерін беруге рұқсат етілмейді.
Егер заңнаманың көрсетілген нормаларын бұзушылықтар анықталса, онда кінәлілер жауапқа тартылады. Мұрат Теміржанов атап өткендей, бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында.