26 мая 2023
Қазақстан
Қазақстанның үш өңірінде маусым айында орташа құрғақшылық күтіледі
Қазгидромет маусым айындағы құрғақшылықтың алдын ала болжамын шығарды. Болжамға сәйкес маусым айында Қазақстанның үлкен аумағында ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болады деп күтілуде.
Температура фонының жоғарылауымен ылғалданған аумақтардың ауданы азаяды, ал ылғал тапшылығы бар аумақтар ұлғаяды.
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында және Қызылорда облысының Қармақшы ауданында орташа құрғақшылық күтіледі.
Осы жылдың басында хабарланғандай, синоптиктер жаздың ыстық және құрғақ болуын болжайды.