АНК "Қарыздарыңызды өсімпұлсыз өтеңіз" акциясын іске қосты
Аграрлық несие корпорациясы "Қарыздарыңызды өсімпұлсыз өтеңіз" акциясын іске қосты, ол ағымдағы жылдың 26 маусымына дейін жалғасады. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Акцияға акцияны өткізу кезеңінде мерзімі өткен берешегі, оның ішінде сот шешімі бойынша өндіріп алынған берешегі бар несиелік серіктестіктер, тікелей қарыз алушылар және лизинг алушылар (заңды және жеке тұлғалар) қатыса алады және оны өсімпұлсыз өтей алады. Бұл ретте, егер клиентте несие беру туралы бірнеше шарт немесе қаржылық лизинг шарттары болса, әрбір міндеттеме бойынша өсімпұл сомасын есептен шығару жеке-жеке жүзеге асырылады", - деп хабарлады АНК.
Баспасөз қызметі қарыз алушы немесе лизинг алушы несие беру туралы бір шарт (қаржы лизингі шарты) шеңберінде мынадай төлемдерді толық өтеген кезде ғана өсімпұлды есептен шығаруға болатынын түсіндірді: мерзімі өткен сыйақы сомасы, мерзімі өткен негізгі борыш сомасы, мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақы сомасы, айыппұл сомасы.
Акцияға тек бір рет қатысуға болады. Қарызды өсімпұлсыз өтеу үшін Аграрлық несие корпорациясының банктік шоттарына 2023 жылдың 26 маусымына дейін ақша аудару қажет.
Толық ақпаратты 5353 нөмірі бойынша алуға болады