Қазақстанда аммофос пен аммоний нитратын автокөлікпен әкетуге тыйым салынуда
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы №378 бұйрығымен Қазақстан аумағынан аммофос пен аммоний нитратын автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынады.
"Аммофос пен аммоний нитратына автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Бұйрық 2023 жылғы 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Үкіметтің қаулысымен экспортты тек өндірушілер жүзеге асыра алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізімі бекітілген. Бұл шара осы өнімді республикадан тыс жерлерге әкетуге қарсы күрес және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін қабылданады. Тізімге аграрларда өте қажет аммоний нитраты мен аммофос кірді.
Үкімет тыңайтқыштардың құнын 50% мөлшерінде субсидиялауды жүзеге асыруда.