11 июля 2023 Қазақстан

Айдар Әбілдабеков ҚР сауда комитетін басқарды

ҚР премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Айдар Әбілдабеков ҚР сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ElDala.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков 1970 жылы туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін  "Қаржы және несие" мамандығы бойынша (біліктілігі экономист) бітірген.

Еңбек жолын 1996-1998 жылдары коммерциялық құрылымдарда бастаған, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1998-2009 жылдар аралығында ҚР кеден органдарында жұмыс істеді.

2009-2022 жылдары ҚР статистика органдарында жұмыс істеді: ҚР Статистика агенттігінің қызметтер статистикасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша, Түркістан облысы бойынша және Алматы қаласы бойынша статистика департаменттерін басқарды.

2022 жылдан бастап Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.