Азық-түлік корпорациясы 5,6 мың тонна қант пен 874 тонна қарақұмық сатады
Азық-түлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығына реттеуші әсер ету үшін қант пен қарақұмық жармасын сатуда. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Азық-түлік корпорациясы ҚҚС есебімен 1 тоннаға 400 мың теңге бағамен 5 600 тоннаға жуық көлемде ақ қант сатуды ұсынады. Құны жеткізуді есепке алмаумен жарамды. Қант 50 кг қаптарға салынған. Өнім СҚО мен Алматыда орналасқан", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұдан басқа, азық-түлік корпорациясы жеткізуді есепке алмағанда, 1 тонна үшін 312 мың теңге бағамен 874 тонна қарақұмық жармасын сатуда. Жарма 50 келіден оралған және Қостанай мен Павлодарда орналасқан.
Барлық өнімдер сертификатталған және фитосанитарлық тексеруден өткен.
Сату 100% алдын-ала төленген немесе екінші деңгейдегі банктің кепілдігімен төлемді кейінге қалдырған кезде жүзеге асырылады.