Қарағанды облысының билігі азық-түлік дүкендерінің алдындағы кезектің себебін түсіндірді
Қарағанды облысында азық-түлік жеткілікті мөлшерде, ал супермаркеттердің алдындағы кезектің ұзын сонар болуы санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуымен байланысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қарағанды облысының азық-түлік қоймаларында және тұрақтандыру қорында қажетті көлемде азық-түлік қоры бар. Өнімдерді жеткізуде ешқандай да кедергілер жоқ», - деп түсініктеме берді әкімдік.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыста құс етінің қоры 671,8 тонна, пияз - 331 тонна, қырыққабат - 201 тонна. Көтерме сауда орындарында екі айлық азық-түлік өнімдері сақталған. Жақын арада картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, күріш, қарақұмық және өсімдік майының үлкен партиялары келеді.
«Қордағы азық облыстың барлық тұрғындарына жетеді. Үстіміздегі жылдың наурыз айындағыдай қажеттілік үш есе өссе де жетеді. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын бақылап отырмыз», - деп хабарлады әкімдіктен.
Облыстық әкімшілік супермаркеттер мен басқа да қоғамдық орындарға барғанда қашықтықты сақтап, бетперде киіп, қолды антисептиктермен сүртуге шақырды. Сондай-ақ, баспасөз қызметі супермаркеттердің кіре берісіндегі карантиндік шараларға қатысты сызықтарды түсіндірді.
Еске салсақ, өткен демалыс күндері Қарағандыда Қазақстандағы түңғыш көтерме сату орталығы ашылған болатын.