Қазақстандық ритейлерлер әлемдік өнім жеткізушілермен кездеседі
Қазақстан ритейлерлері мен әлемдік өндірушілер арасындағы тікелей екіжақты келіссөздер 19 және 20 қыркүйекте Мәскеуде ірі азық-түлік көрмелерінің бірінде өтеді. Келіссөздер "Сауда әлемі" халықаралық сатып алу орталығы шеңберінде ұйымдастырылатын болады.
Келіссөздерге әлемнің 30 елінен, оның ішінде Қытай, Түркия, Корея, Италия, БАӘ, Мексика, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан, Ресей және басқа елдерден 1000-ға жуық өндіруші, сондай-ақ Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан және Ресей елдерінен ритейлерлер мен дистрибьюторлар қатысады, деп хабарлады іс-шараны ұйымдастырушылар EXIM EXPO.
Қазақстандық сауда нарығы үшін бұл бастама серіктестік іскерлік байланыстар орнатуға және азық-түліктің ірі жеткізушілерімен келісімшарттар жасасуға бағытталғаны атап өтіледі.
Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық ритейл-делегация FMCG тауарларын ауқымды сатып алуды жүзеге асыра алады.
"Бұл оқиға Қазақстан мен басқа елдер арасындағы әріптестік қатынастардың дамуына және қазақстандық ритейл-сектордың тұрақты өсуіне ықпал етеді. Қазақстандық ритейл-делегацияның қатысуы жаңа өнім берушілерді тауып қана қоймай, өнім ассортиментін кеңейтуге, сондай-ақ болашақ ынтымақтастық үшін құнды байланыстар жасауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Сатып алу орталығының ұйымдастырушысы Елена Саргалдакова.
Қазақстандық бөлшек саудагерлер үшін халықаралық сатып алу орталығына ритейл-делегацияға қатысу тегін.