09 июля 2020 Қазақстан

Қазақстанда «алқаптан дүкен сөресіне дейін» жобасын жүзеге асырушылар анықталды

Қазақстанның үш аймағында «алқаптан дүкен сөресіне дейін» жобасы аясында бөлшек сауда желілеріне өнімді жеткізетін ауыл шаруашылық тауар өндірушілері анықталды, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Facebook бетінде.

Аталған жоба Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында пилоттық шара ретінде іске қосылғанын еске салды. Бұл аймақтарда жобаны орындаумен айналысатын кеңселер құрылды, олардың төрағалары әкімдердің орынбасарлары болып тағайындалды.

«Жобаны қаржыландыру үшін мемлекеттік резервтен 3 миллиард теңге, яғни әр аймаққа 1 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат кейіннен өңдеушілерге және тұтынушыларға қол жетімді (белгіленген) бағамен сату үшін шағын фермерлік-шаруа қожалықтарынан (ШҚ) және жеке қосалқы шаруашылықтардан (ЖҚШ) ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға және өндірушілерді несиелеуге бағытталады», - деп түсіндірді Эльдар Жұмағазиев.

Маманның айтуы бойынша, ірі тамақ өндірушілерді несиелеу арқылы бұл пилоттық жоба Алматы облысында іске асырылатын болады. Әкімдік анықтаған бөлшек сауда нысандарына азық-түлік тауарларының 11 түрін одан әрі жеткізу үшін 1 млрд. теңге көлемінде несие берілетін 6 өндірістік кәсіпорын алдын-ала анықталды.

«Атамекен» төраға орынбасарының мәліметі бойынша, Жамбыл облысында және 43 филиалдық торбы мен бөлімшелері бар 3 сауда нүктесі алдын-ала анықталғанын айтты, олар: «Дәмді себет» - 27 сауда желісі, 3000 шаршы метр сақтау орны бар; Фиркан - 5 сауда желісі, 1000 шаршы метр сақтау орны бар; «Империя» - Тараз ӘКК-нің 11 әлеуметтік бутигі бар.

Осы сауда кәсіпорындарынан азық-түлік тауарларының 10 түрін алу үшін несие беру жоспарлануда.

Түркістан облысында 8 тауар өндіруші алдын-ала анықталды, олар бөлшек сауда орындарына 10-ға жуық азық-түлік тауарларын жеткізеді. Өз кезегінде ұсақ шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтар «Еңбек» бағдарламасы бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы қаржыландырылатын болады. Бұл мақсатқа 4,5 миллиард теңге бөлінген.

«Аталған жоба жеке үй қожалықтары мен шаруа қожалықтарына өз өнімдерін өңдеуші кәсіпорындарға сатуды және кейіннен бөлшек сауда желілері арқылы сатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоба жүріп жатқанда, бұл деректер қарастырылып, жасалды және тағы да жаңартылатын болады. Өкінішке орай, жұмыстың орындалуына елдегі эпидемиологиялық жағдай әсер етуде. Көптеген әріптестер ауырып жатыр және жобаны жүзеге асыруға қатыса алмады», - деп жазылды хабарламада.

Сондай-ақ, Эльдар Жұмағазиевтың айтуы бойынша, бұл пилоттық жоба 30 қыркүйекте аяқталады, ал келесі жылдан бастап толыққанды мемлекеттік бағдарлама ретінде жұмыс істейтін болады.