СҚО Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа күдік бойынша Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалының басшысы ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деп күдіктелуде. Пара сомасы 100-ден 500 мың теңге аралығында болған. Бұл ақшалай қаражат ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бөлінетін несиелік қарыздарды беру мәселесін оң және кедергісіз шешуге арналған", - деп хабарлады ведомстводан.
Күдіктінің Петропавл уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы хабарланды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.