18 октября 2023 Қазақстан

Выставки KazAgro/KazFarm 2023 откроются 19 октября в Астане

KazAgro/KazFarm 2023 халықаралық көрмелері бейсенбі, 19 қазанда астаналық EXPO ХКО-да жұмысын бастайды. Үш күн ішінде мұнда экспозициялардан басқа іскерлік іс-шаралар, конференциялар мен бағалы сыйлықтарымен келушілерге арналған конкурстар өтеді.

KazAgro/KazFarm - Орталық Азиядағы ірі аграрлық көрмелер және сонымен бірге аграрлық саланың әлемдік инновацияларын таныстыруға арналған жетекші кәсіби алаң.

Көрмелерде өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған құралдар мен технологиялардың барлық желісі ұсынылатын болады. Австрия, Беларусь, Германия, Испания, Канада, Қытай, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Италия, Қазақстан және т.б. сияқты әлемнің 20 елінен 200-ден астам компания өз тауарлары мен сараптамалық қызметтерін ұсынады.

Көрмелер бағдарламасы саланың жетекші мамандарының, агроөнеркәсіп кәсіпорындары мен инновациялық орталықтардың басшыларының қатысуымен семинарлар мен презентацияларды көздейді. Оның ішінде AgriTech бағыты бойынша технологиялық болжау; Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуроодақ және Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына шығу; ауа-райының жалпы сәтсіздігі жағдайында жаңа технологиялық деңгейге көшу және т.б. сияқты өзекті тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер өтеді.

Сондай-ақ, бизнес-миссиялар мен қазақстандық және шетелдік компаниялар арасында меморандумдарға қол қою жоспарланған.

Көрмелердің екінші күні, 20 қарашада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі министрлік конференциясы өтеді.

Іскерлік бағдарламадан басқа, келушілерге арналған ойын-сауық бағдарламасы да жоспарлануда. Көрменің үш күнінде де "Үздік сауыншы" байқауы өтеді. Сондай-ақ, көрмеде тоқты, бір қап картоп, ұн және басқа да көптеген сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігі болады.

KazAgro/KazFarm 2023 кіру тегін. Ресми ашылуы 19 қазанда сағат 11.00 - де өтеді. Өтетін орны - EXPO халықаралық көрме орталығы.

Толығырақ оқыңыздар: KazAgro/KazFarm-2023: қазанның басты аграрлық оқиғалары