Сапархан Омаров Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібі ислам қауымдастығының мәжілісіне қатысуы туралы айтты
Интернет-конференция барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Исламдық азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу қауымдастығының (Islamic Food Processing Association - IFPA)) жұмысы туралы: «Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының жеке секторлары арасындағы өнім сатуды дамытуда Ислам Азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының рөлі» жайлы айтты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған конференция қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде С.Омаров азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерінде халықаралық ұйымдардың рөлінің маңыздылығын атап өтті.
«Ислам конференциясы ұйымына мүше елдердің ауыл шаруашылығы министрлері тамақ өнеркәсібі ислам қауымдастығын құру туралы шешім қабылдады. Бұл біздің сапа стандарттары саласындағы ынтымақтастығымызды және азық-түлік өнімдерін өндіру мен сатуды ұлғайту үшін берік негіз болады деп сенемін. IFPA құрамына азық-түлік қауіпсіздігі ислам ұйымына мүше елдердің негізгі тамақ өндірушілері кіреді. Бірлестіктің мақсаты - сауданы кеңейту, исламдық қаржыландыруды тарту, ақпарат алмасу, байланыс орнату, ұйымға мүше елдер арасында экспорт пен импортты арттыру», - деді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.
Сапархан Омаров коронавирустық пандемия азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін, сондай-ақ халықты уақтылы және тұрақты азық-түлікпен қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетті.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, веб-конференцияға ИЫҰ-ға мүше елдердің өкілдері, сондай-ақ Ислам сауда, өнеркәсіп және ауылшаруашылық палатасының (ICCIA) Бас хатшысы Юсеф Халави және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ / IOFS) бас директоры Ерлан Байдаулет қатысты.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Юсеф Халавидің - халықаралық инвестициялар саласындағы ірі маман, бірқатар халықаралық компаниялардың директорлар кеңесінің мүшесі - 2020 жылы шілдеде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Хатшылығының шақыруы бойынша IOFS пен ICCIA арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Орталық Азиядағы халал стандартты әзірлеу мақсатында Қазақстанға сапармен келетіндігін атап өтті. Алайда, пандемияға байланысты бұл сапар кейінге қалдырылды.
Интернет-конференция барысында инвестиция салу мен ислам елдерін қаржыландыру, сауда саттық, ақпараттық технологиялар, сақтандыру саласындағы ынтымақтастық, ИЫҰ-ға мүше елдердің жеке секторында байланыс орнату туралы ақпараттар айтылып, пікір алмасты.