Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне отставкаға кетуді ұсынды
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігі мал өліміне жол бере отырып, ҚР-дағы жемшөптің күрделі жағдайына дер кезінде тиісті шара қолданбай, жауап бермегенін мәлімдеді. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл жағдайда ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі тиіс.
«Министрлік уақытылы және дұрыс шаралар қабылдай алмады. Сондықтан министр Сапархан Омаров отставкаға кетсе дұрыс деп есептеймін», - деп мәлімдеді президент.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында құрғақшылық салдарынан 1147 бас, Қызылорда облысының Арал ауданында 492 бас мал қаза тапты. Бұдан басқа, жалпы республика бойынша ауыл шаруашылығы малдарына арналған жемшөп мәселесі күрделене түсті. Сарапшылардың пікірінше, шөптің жетіспеушілігі мен оның бағасының жоғары болуы күзде фермерлердің жаппай мал өткізе бастауына әкелуі мүмкін. Кейіннен бұл ет бағасының қымбаттауына алып келеді.