03 августа 2020 Қазақстан

«Атамекен» ауыл шаруашылық өнімдеріне ҚҚС бойынша субсидия бөлуді жалғастыруды ұсынуда

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚҚС-ты субсидиялау үшін ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушыларға мемлекеттік қолдау көрсету шараларын кеңейтуді сұрайды. Бұл туралы палата төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жумагазиев Facebook бетінде жазды.

«Алғашқы ҚҚС-ты» төлеу үшін мемлекеттік қолдау енгізілген болатын, алайда биыл бұл шараның мерзімі аяқталуға жақын, бұл тек сатып алушы ұйымдардың ғана емес, сонымен қатар жеке қосалқы учаскелердің қызметіне де тікелей әсер етеді», - деді Э.Жұмағазиев.

Ол бұл бағдарлама 2016 жылы басталған және оған сұраныс үнемі өсіп келе жатқанын еске салды. 2016 жылы мемлекеттік бюджеттің шығыстары 137,8 млн.теңге, 2017 жылы - 474,3 млн.теңге, 2018 жылы - 670,1 млн.теңге, 2019 жылы - 809,6 млн.теңге, 2020 жылы 1 млрд.теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Заң бойынша ауыл шаруашылық өнімдерінің 27 түріне қолдау көрсетіледі. Олар үшін ҚҚС субсидияланады, оның ішінде көкөністер, мал, ет және жемістерді сақтау, тасымалдау және сату үшін де жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, өнім шығарушы ұйымдар осы салаға инвестициялар салды, атап айтқанда сүт қабылдау пункттерін орнатты және өздерінің инфрақұрылымдық желісін жаңартты. Бұл жұмыстар сауу, күту, малды азықтандыру және оны бағу арқылы сүт сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді (май құрамы, микробиологиялық көрсеткіштер және т.б.).

Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, көптеген сатып алушыларға сүт сауу машиналарына коммерциялық несие беріледі. Мысалы, Қарағанды ​​облысындағы «Ауыл сүті» ЖШС 400-ден астам үй шаруашылығына сауатын машиналар алып берді.

«Өткен жылдан бастап біз Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған  ұйымдарға ҚҚС-ты субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көбейту  бойынша ҚР заңнамасына қажетті түзетулер енгізу жайлы бірнеше рет хат жолдадық. Осы жылдың маусым айында біз ҚР АШМ-ның,  бизнестің қатысуымен осы мәселені шешу үшін кездесу ұйымдастырдық. Барлық ұйымдар, өнімді жеткізушілер мен сатып алушылар алдындағы міндеттемелерді орындау, қызметті дамыту үшін айналым қаражаттарының жетіспеушілігіне байланысты мемлекеттік қолдауды сақтау қажеттілігі туралы пікірлерін айтты», - деп жазды «Атамекен» АҚ төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, ол бұл қолдау өте маңызды болып табылатын, мемлекет басшысы жариялаған «Алқаптан дүкен сөресіне дейін жеткізу» жобасына сәйкес келетінін атап өтті.

Осыған байланысты ҰКП Ауыл шаруашылығы министрлігіне және үкіметке өнім шығарушы ұйымдарды қолдау туралы ҚР заңнамасына өзгерістер енгізуді  ұсынды.