Қазтеміртранстың бұрынғы директорлары вагондарға айырбас ретінде пара алғаны үшін сотталды
«Қазтеміртранс» АҚ филиалдарының бұрынғы үш басшысы кәсіпкерлерден пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Компанияда заңсыз сыйақы үшін вагондарды беру схемасы құрылған.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ақпараты бойынша, Қазтеміртранс филиалдарының үш директоры 2019-2022 жылдар кезеңінде вагон тапшылығы жағдайында жүк жөнелтушілерден вагондарды кедергісіз бергені және жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде пара алған.
Іс бойынша пара алудың 18 фактісі анықталды. Сотталушы К. – 19,7 млн теңге, сотталушы С. – 13,2 млн теңге, сотталушы А. – 3,5 млн теңге сомасында пара алды.
«Сотталушылардың кінәсі пара берушілердің жауаптарымен, ақша қаражатының аударылғанын растайтын түбіртектермен, вагондарды беруге өтінімдермен, сондай-ақ арнайы жедел - іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен дәлелденді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот шешімімен С.және К. әрқайсысы жеті жылға бас бостандығынан айырылды. А. 7 жыл 2 айға сотталды, өйткені ол пара алуға көмектескені үшін де кінәлі деп танылды.
Бұл істің тағы бір қатысушысы-Е. - көмекшілікте кінәлі деп танылды. Сотталушының қайтыс болуына байланысты оған жаза тағайындалмайды.
Сонымен қатар, лауазымды тұлғаларға пара берген 16 кәсіпкер сотталушы орнында болды. Кәсіпкер Р. 9,9 млн теңгеге пара берді. Сот оның кәмелетке толмаған балаларының болуын, созылмалы жүрек ауруын ескеріп, параның 5 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға үкім шығарды: 49,4 млн теңге.
Қалған 15 кәсіпкер белсенді өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
«Сот олардың қылмыстық құқық бұзушылықтарды «Қазтеміртранс» АҚ лауазымды тұлғаларына тәуелділігі, сондай-ақ олардың кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінуі, қылмыстарды ашуға және тергеуге ықпал етуі нәтижесінде жасағанын ескерді», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Пара үшін вагондарды беру схемасы «Қазтеміртранс» бірқатар филиалдарының қызметінде анықталғанын атап өтеміз. 2022 жылдың соңында осындай қылмысы үшін компанияның Қостанай филиалының директоры алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Антикордың айтуынша, вагондарды беру мәселесі көбінесе компанияда жасанды түрде жасалып, содан кейін пара алу арқылы «шешілді». Тасымалдау көлемін ескере отырып, жүк жөнелтушілерден заңсыз өндіріп алу сомасы айына миллиардтаған теңгеге жетті.