Павлодар облысының лауазымды тұлғалары жерді ресімдеудегі заң бұзушылықтар үшін жауапқа тартылды
Агроөнеркәсіптік кешеннің жер учаскелерін ресімдеу кезінде заң бұзушылықтар анықталғаны үшін Павлодар облысы Железин ауданының лауазымды тұлғалары жазаланды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.
Ертіс маңы ауылдық округінің тұрғындары Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне шағым түсірді. Бөлімнің бас маманы Мирас Сансызбайдың айтуынша, аталған мәселе бойынша Железин ауданының жер қатынастары бөлімінде сыбайлас жемқорлық белгілеріне талдау жұмыстары жүргізілді.
«Бұған себеп болған «Ұрлытөбе» АКК мүшесі Валерий Площиктің шағымы болды, ол аудан әкімдігі мен бөлім мамандарының Ұрлытөбе кенті тұрғындарына жайылымдық жерлерді беру мәселелеріндегі құқықтарының шектелуіне байланысты әрекеттеріне наразылық білдірді», - деп түсіндірді Мирас Сансызбай.
Аудандық жер комиссиясының мүшесін ресми емес түрде ауыстыру әрекеті заң бұзушылыққа әкелді.
«Бұл сыбайлас жемқорлық тұрғындардың дауысын жеке бас пайдасына немесе басқа тұлғалардың мүдделері үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен, Ертіс маңы ауылдық округінің әкімі Қайыргелді Баужановтың орнына жер комиссиясының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі отырысының № 14-4 хаттамалық шешіміне әкімнің міндетін атқарушы Наталья Шефер қол қойып, жер телімін үлестіруге келісім берген», - деді Мирас Сансызбай.
Оның айтуынша, жер комиссиясының құрамына 35 адам кіреді. Олардың жартысы - нақты ауыл шаруашылық өндірушілерінің жер учаскелерін алуға мүдделі қоғам өкілдері.
Ертіс маңы ауылдық округінің әкімі 2020 жылғы 4 ақпанда № 7 бұйрығымен ауданның бір ЖШС-на шөп шабуға арналған 197,2 га болатын жер учаскесіне 4 жыл 11 ай мерзімге тегін қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын берген.
Ауданның жер қатынастары бөлімі мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасындағы келісім «Ұрлытөбе» тұрғындарын жайылымсыз қалдыруда.
Мирас Сансызбай жер заңнамасына қатысты тағы бір құқық бұзылуы туралы айтты. Дәнді және бұршақ дақылдарын өсірумен айналысатын аудандағы тағы бір ЖШС 180,3 га және 197,2 га екі жер учаскелеріне 10 жыл мерзімге уақытша ақылы ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын алды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мамандары жер учаскелері елді мекендерге қатысты жерлерден берілгендігін де анықтады.
«Железин ауданының әкімдігіне «Ұрлытөбе» кентінің тұрғындарының құқықтарын қорғап, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы кеңес берілді. Аудан әкімінің жер комиссияларының қызметін тиісті түрде бақыламағаны үшін аудан әкімінің орынбасары Баулыбай Аужанов ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал жер қатынастары бөлімінің бастығы Наталья Тупицинаға сөгіс жарияланды», - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілі.