Батыс Қазақстанда су басқан жерлеу орындарында сібір жарасының споралары анықталған жоқ
Су тасқыны салдарынан БҚО-да сібір жарасының үш қабірі су астында қалды. Бұл нысандардан ветеринарлық және медициналық мамандардан тұратын арнайы жұмыс топтары топырақ сынамаларын алды. Олар Оралдағы Республикалық ветеринариялық зертхананың облыстық филиалдарына және ВФетеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа жеткізілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
«Барлық талдаулар теріс нәтиже көрсетті, яғни топырақ үлгілерінде сібір жарасының споралары анықталмаған», - делінген АШМ хабарламасында.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров топырақ сынамалары жеткізілген Республикалық ветеринариялық зертхананың облыстық филиалына барды.
Сонымен қатар, министр су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, өлген малды кәдеге жарату жұмыстарының барысын тексерді. Ол эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында жұмысты жандандыруды тапсырды.
Сапаров су тасқыны салдарынан қаза тапқан ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне келтірілген залалды өтеу үшін қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
«Жануарлар иелері залалды өтеу жөніндегі жергілікті комиссияларға өтінішпен жүгінуі керек, олар малдың жоғалу фактісі бойынша акт жасауы тиіс, осымен өтемақы алуға болады», - деп атап өтті Сапаров.