15 мая 2024 Қазақстан

ЕуроХим Жаңатаста қуаттылығы 1 млн тонна тыңайтқыш өндірісін іске қосады

ЕуроХим компаниясы 14 мамырда Қытайдың China National Engineering Company (CNCEC) компаниясымен Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндірісінің бірлескен жобасын іске асыруға бағытталған келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімшарт Жаңатас қаласында химиялық кешенді жобалауды, салуды және пайдалануға беруді қамтиды. Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыттың қуаты жылына кемінде 1 млн тоннаны құрайды.

Қазақстанда құны 1 млрд доллар болатын «ЕуроХим» компаниясының инвестициялық жобасы үш кезеңде іске асырылуда және химия кешенін құру қорытынды қадам болып табылады.

«Азық-түлік қауіпсіздігі жердің немесе судың болуынан басталмайды. Бұл оның негізі, бірақ азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету үшін міндетті түрде тыңайтқыштар қажет. Сондықтан бұл біз үшін маңызды жоба. Біз оны «ЕуроХим» және қытайлық серіктестермен бірге жүзеге асырамыз. Бұл үлкен Еуразиялық кооперацияның озық үлгісі. Өңірлік азық-түлік қауіпсіздігі үшін бұл өте үлкен оқиға», - деді ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келісімшартқа қол қою рәсімі барысында.

Жаңа кәсіпорын 2400 жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіп министрлігінде атап өткендей, инвестициялық жоба индустрияландырудың Бірыңғай картасына және Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Келісімге сәйкес жүзеге асырылады.