ҚТЖ-да жүктерді ұрлауға қарсы күрес күшейтілуде
«Қазақстан темір жолы» компаниясы теміржолдағы мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру бойынша Жол картасын әзірледі. Оның жүзеге асырылуын ұлттық компания басшылары ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің өкілдерімен талқылады.
ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға қарсы тұру үшін теміржол станциялары мен вокзалдар қосымша бейнебақылау камераларымен жарақтандырылады. Бейне жазба полиция бөлімдеріне түседі, онда ол кем дегенде 30 күн сақталады.
Сондай-ақ, ҚТЖ локомотивтері төтенше тежеулерді, графикалық емес тұрақтарды және жазатайым оқиғаларды тіркеу үшін сыртқы және ішкі бақылау бейнетіркегіштерімен жабдықталады. Қазіргі уақытта бейнебақылау жүйесі 347 локомотивте жұмыс істеп тұр.
Бұдан басқа, магистральдық желіде тасымалдау процесінің тиімділігін арттыру үшін «Цифрлық шеңбер» жылжымалы құрамды бақылау жүйелерінің ауқымды жобасы іске асырылуда. Қарағанды-Сұрыптау, Жаңаарқа, Арыс, Қандыағаш және Локоть бекеттерінде бейнебақылау жүргізуге, лазерлік құрылғыларды, лидар мен салмақ аспаптарын қолдана отырып, жүктердің жай-күйін анықтауға мүмкіндік беретін шеңбер орнатуды жоспарлап отыр.
Осы мақсатта ҚТЖ бекеттерінде келетін және кететін вагондардың тұтастығын бақылауды жүзеге асыратын 40 кешенді жаңғыртуды жүргізеді.
Риддер, Аягөз, Шу, Шымкент, Түркістан, Дегелен, Алматы-1, Шиелі, Шетпе, Өзен, Павлодар, Тобыл, Қостанай, Алтынкөл, Сарыағаш, Ганюшкино және Шарбақты бекеттерінде парктерінде вагондардың шамадан тыс жүктелуіне немесе жүктің жетіспеуіне жол бермеу үшін вагон таразылары орнатылды.
Бұған дейін сарапшылар экспортқа тасымалдау кезінде вагондардан астық ұрлау жаппай сипатқа ие болғанын және тасымалдаудың жалпы көлемінің 1%-на бағаланатынын айтқан болатын. Ақшамен бұл айына шамамен 900 млн теңге.