Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін электрондық конкурстар арқылы бөлу сынақтан өткізеді
Жетісу облысы аудандарының бірінде ауыл шаруашылық жерлеріне құқық берудің жаңа рәсімін сынақтан өткізуде. Пилоттық жоба аясында конкурсты электронды түрде өткізу жоспарлануда. Бұл туралы премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы рәсімді цифрландыру шеңберінде балдарды есептеудің және Мемлекеттік Деректер базасын интеграциялау арқылы жеңімпазды анықтаудың жаңа критерийлері белгіленді. Олар ауыл шаруашылығы жануарларының басын, ауыл шаруашылығы техникасының, қызметкерлердің болуын, тұрғылықты жері бойынша тіркелуін, әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімінде болуын көздейді.
Үкімет отырысында жерді бөлудің электрондық форматын енгізу талқыланды. Сондай-ақ, 2024 жылдың басынан бастап АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері жер пайдаланушыларға қатысты 321,5 мың га жалпы алаңда 350 жоспардан тыс тексеру жүргізгені атап өтілді. Тексеру қорытындысы бойынша 192,9 мың га алаңда жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 210 ұйғарым енгізілді. 2024 жылдың басынан бастап 645,3 мың га мемлекеттік меншікке пайдаланылмайтын жерлер қайтарылды.
"Бұрын берілген нұсқамалар бойынша биылғы жылы 102,5 мың га алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды, 477 мың га алаңда мәжбүрлеп алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізілуде", — деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Өз кезегінде вице-премьер Серік Жұманғарин мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлер, ең алдымен, қажет болған жағдайда халықтың жалпы пайдалануына жайылымға берілуі тиіс екенін атап өтті.
"Осы мәселелердің барлығын ауылдық округ әкімдерімен, әсіресе мал шаруашылығы дамыған өңірлерде пысықтаңыз. Биыл біз суару жобаларына қаржылық қолдау көрсетеміз. Жерді қалпына келтіруге және оларды жайылымға беруге болатын жерге талдау жасаңыз", - деді Серік Жұманғарин.