20 июня 2024 Қазақстан

Қазақстанның бес облысында алдағы 10 күнде құрғақшылық күтілуде

Қазақстанның Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында алдағы 10 күнде құрғақшылық басталады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидромет синоптиктері хабарлады.

Атап айтқанда, алдағы 10 күнде атмосфералық құрғақшылықтың басталуы күтілуде:

  • Жамбыл облысында - Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Рысқұлов аудандарында;
  • Түркістан облысында - Түркістан, Сайрам, Шардара және Жетісай аудандарында;
  • Қызылорда облысында - Арал ауданында;
  • Алматы облысында - Балқаш және Жамбыл аудандарында;

Ұлытау облысында - Ұлытау ауданында.