Қазақстанда азық-түлік өнімдерін мемлекеттік сатып алу көлемі 300 млрд теңгеге бағаланды
Қазақстанда азық-түлік өнімдері бойынша реттелетін сатып алу көлемі жылына 300 млрд теңгеге бағаланады. Үкіметтің «Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес АШМ мемлекеттік ұйымдар тек отандық өндірушілерден сатып алатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекітті: бұл сатып алу көлемі 70 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мәжілістегі Үкімет сағатында сөйлеген сөзінде айтты.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы қаулының қабылдануы отандық өндірістің дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті. Бірақ әзірге қазақстандық қамтуды растауға қатысты мәселелер қалып отыр, олар бойынша Үкімет қазіргі уақытта жұмыс істеуде.
Сондай-ақ, сатудың маңызды келешектері кейтеринг қызметтері нарығымен байланысты. Мысал ретінде АШМ басшысы жер қойнауын пайдаланушы компанияларды тамақпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ әскердің, түзеу мекемелерінің қажеттіліктеріне сатып алуды, ұлттық компаниялардың ұшақтарының бортында азық-түлік сатып алуды келтірді.
«Қазақстандық азық-түлік өнімдері бірінші кезекте осы мақсаттарға пайдаланылуы тиіс деп санаймын. Алайда, қазақстандық өндірушілер үшін бұл нарыққа қолжетімділік өте шектеулі. Бұл біздің қайта өңдеу өнімдерін импорттаудағы ұстанымдарымызды түзетуі мүмкін. Қолда бар деректер бойынша кейтеринг нарығы жылына шамамен 190 млрд теңгені құрайды, салыстыру үшін ұлттық режимнен алуға жататын АӨК өнімдерінің нарығы - бұл жылына шамамен 70 млрд теңге. Алайда, кейтерингтік қызмет көрсетушілерге әсер етудің жұмыс тетіктері әлі жоқ, бұл бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады», - деді Айдарбек Сапаров.